ORDABASY: КӨКТӨБЕ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

19
Бүгін Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округіне қарасты Көктөбе елді мекеніне газ құбырын жүргізу құрылысы аяқталып, іске қосылды.
Мердігер «Ақбастау-К» ЖШС мекемесі 2023 жылы бастаған жоба биыл аяқталып, жалпы ұзындығы 19,344 шақырымды құрайтын құбыр арқылы 295-ге жуық абонетке газ жеткізілді. Тұрғындардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков арнайы келіп, газ жүргізу жүйесінің іске қосылғандығымен құттықтады.
Салтанатты шарада ауыл ақсақалдары, халық қалаулылары көгілдір отынның алауын жағып ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісті.
Айта кетейік, аудан бойынша 57 елді мекеннің табиғи газбен қамту деңгейі 61,4 % табиғи газбен қамтылып отыр. (жалпы 35 е.м. қамтылды). Сонымен қатар, Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы 4 кезеңмен іске асырылуда. 4-нысан 2025 жылы аяқталмақ.