Кавасаки тәріздес синдромның ауыр түріне шалдыққан бала сауығып шықты

475

Шымкент қаласында биыл 30-шілде күні «Асар» шағынауданындағы балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен бес жасар бала ауыр халде жеткізілген. Денсаулығы сыр берген балақайды дәрігерлер жансақтау бөліміне шұғыл жатқызып, тексеру жұмыстарын жүргізген.

Науқас баладан алынған сынама нәтижесінде кавасаки тәріздес синдром анықталған. Қауіпті індет анықталған балақайдың жағдайы алғашқы үш күнде нашарлап кеткен. Тек төртінші тәулікте ғана науқас баланың жағдайы жақсарды.

Емдеу шараларымен қатар мамандар инфекцияға шалдыққан баланың ағзасындағы өзгерістерді дер кезінде анықтап, өміріне төнген қауіптің алдын алды.