КЕНТАУДА ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

50

Бүгін Кентау қаласында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шараға қала әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков, сондай-ақ 1000-ға жуық тұрғын, мекеме қызметкерлері және қала жанашырлары қатысты.

Сенбілік кезінде арық-атыздар тазаланып, жаңбыр мен қар суларының кедергісіз ағуына жағдай жасалды. Тазалық жұмыстарына 6 арнайы техника жұмылдырылып, 10 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар қала әкімнің орынбасары “Жасыл қала” КММ тарапынан жоспарланған 4 жаңа ойын алаңшасының құрылыc барысын бақылады. Құрылыс жұмыстар қаладағы Төле би 61, Сейфуллин 118, Төле би – Тассарай қиылысы, Құлыншақ – Алпамыс батыр қиылысында жүргізілуде. Болысбек Шәріпбеков жұмыстардың сапалы әрі тиянақты атқарылуын жауаптыларға тапсырды.

Бұл жұмыстар қала инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне бағытталған.