«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ САУРАНДА ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

0
45

«Әділет» партиясының Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарының сайлауалды штабының мүшелері Сауран ауданына қарасты «Қазақстанның отыз жылдығы» ауылында орналасқан «AQNIET HOLDING» ЖШС-нің еңбек ұжымымен экспромт-кездесу өткізді.
Кездесуге облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Алмас Салимов пен штаб мүшелері қатысты.
Еркін форматта өткен жүздесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өндіріс орындарын қолдау, кәсіпкерлікті өркендету және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері сөз болды.
Алмас Салимов еңбек ұжымына партия бағдарламасында қарастырылған бастамалар туралы айтып, өндіріс саласын дамыту мен жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартудың маңыздылығына тоқталды.
Өз кезегінде кәсіпорын қызметкерлері өндіріс саласына қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. Штаб мүшелері көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, партия бағдарламасындағы тиісті бағыттарды түсіндірді.