ШЫМКЕНТТЕ ІІМ КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІК КОМАНДАЛАРЫ АНЫҚТАЛУДА

0
13

Шымкент қаласындағы «Металлург» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің қолдауымен Шымкент қаласының және Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ұйымдастырған шағын футболдан республикалық турнир өтуде. Үш күнге созылатын дода Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған салауатты өмір салтын қалыптастыру, қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен дене даярлығын жетілдіру, әскери-қызметтік тәртіпті нығайту және бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Шымкент қаласының және Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілі, полиция подполковнигі Ержан Есімовтің айтуынша, мұндай жарыстар қызметкерлердің денсаулығын нығайтып, дене даярлығын арттырумен қатар, кәсіби тәжірибе алмасуға, әріптестік байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Турнирге еліміздің 17 өңірінен келген 19 команда қатысуда. Жалпы саны 190 қызметкер бақ сынап, өз өңірлерінің намысын қорғауда. Олар алаңда жоғары техникалық шеберлік пен тактикалық дайындықты ғана емес, құқық қорғау қызметіне тән ұйымшылдықты, төзімділікті, жауапкершілікті және бірлесіп әрекет ету қабілетін де көрсетуде.

Шымкент қаласының және Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілі, полиция подполковнигі Ержан Есімовтің айтуынша, мұндай жарыстар қызметкерлердің денсаулығын нығайтып, дене даярлығын арттырумен қатар, кәсіби тәжірибе алмасуға, әріптестік байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Республикалық турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының арнайы грамоталарымен, дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.