ШЫМКЕНТ: «2-10-20», «5-10-20»  БАҒЫТТАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ 500 АЗАМАТҚА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛЕДІ

268

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева Ақпараттық-коммуникациялық оталығында өткен баспасөз брифингінде айтты.

Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр.

Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие  негізінде  «2-10-20», «5-10-20»  бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны.

Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 млн. (бір миллион) теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалған.

Шымкент қаласы бойынша  тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастады. 2019 жылы 21 азаматқа 20,4 млн.теңгеге, 2020 жылы 101 азаматқа  100 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаттары  берілген. 2021 жылы 416  отбасыға  370 млн. теңгеге берілсе, 2022 жылы 500 азаматқа 1 млн теңгеге дейін  қайтарымсыз негізде  бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек қарастырылған.

Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 2022 жылдың                               13 шілдесінен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет ретінде www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы автоматтандырылған және электронды түрде жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда сертификатқа 39 өтінім қабылданып қаралуда.

Оның ішінде:

5 өтінім өтініш берушімен кері қайтарылып алынған.

12 өтінім — 8 265 378 теңгеге тұрғын үй сертификаттары мақұлданды.

22 өтінім қағида талаптарына сай келмеуіне байланысты, мақұлданудан бас тартылды. (Банктің мақұлдау туралы хаты жоқ, төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен асып кеткен, Банк есеп шоттары сәйкес келмейді).

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2022жылға-37 389 теңге) соңғы                6 (алты) ай ішінде орташа табысы (115 905 теңге) болған жағдайда беріледі (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда).

 

Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына жататындар:

—              мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

—              көпбалалы отбасылар;

—              толық емес отбасылар.

—              Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

1)            нысан бойынша өтініш;

2)            өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

3)            соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама;

4)            жұмыс орнынан анықтама (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда);

5)            қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы банктің хаты.

Құжат тапсырылатын орын:

Өтініш кezekte.kz. интернет ресурсы арқылы қабылданады.

Ол үшін әрбір азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.