ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: 13 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНҒА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

452

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері Жыланбұзған тұрғын алабында 13 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 3 коммерциялық нысанның маңдайшасы заң талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ақпараттық ескерту жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласының тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.