«AMANAT»: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ КЕНТАУ ХАЛҚЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ

360

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Түркістан облысындағы іс сапары Кентау қаласында жалғасын тапты. «AMANAT» партиясының Мәжілістегі Фракция мүшесі Дархан Мыңбай бірқатар кездесулер өткізді.

Іс сапар барысында, Қарнақ ауылы «Еңбек» шаруа қожалығымен және Хантағы ауылында «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында № 5 және 6 мектептерінің жанынан жаңадан салынып жатқан спорт зал құрылыстарымен танысу, ауыл тұрғындарымен кездесу жоспарланған болатын.

Халық қалаулысы ең алдымен Қарнақ ауылындағы «Еңбек» ШҚ- ың Сыбаға бағдарламасы аясында сатып алынған 120 ірі қара мал фермасының жұмысымен танысты. Сонымен қатар Хантағы ауылындағы № 5 мектеп жанынан жаңадан салынып жатқан спорт зал құрылыстарымен танысты.

Кездесуге қала әкімі Ж.Тасов, қала әкімінің орынбасарлары Ғ.Үсенбаев, А.Байболова,қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев, AMANAT партиясы Кентау қалалық филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі Ж.Кожабекова, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Төлепбергенов, Қарнақ және Хантағы ауылдарының әкімдері М.Диметов, А.Байбеков қатысты.

Іс сапар соңында №5 мектеп ұжымымы және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ұстаздарға алдағы оқу жылына сәттілік тілеп, ізгі ниетін жеткізді.