АҚМЕНТАЙ ЕСБАЕВ БІР КҮНДЕ 20 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАП, МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, мәселесін тыңдады. Нақтырақ тоқталсақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Қошқарата ауылдық округінде болған аудан басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс, пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңынан аудан әкімі жеке мәселелері бойынша келген тұрғындарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Жеке қабылдауға 8 тұрғын келіп, тұрғын үй, жер кезегі, мектеп формасы сынды мәселелерді аудан әкіміне қойды. Жеке қабылдау аудан орталығында орналасқан «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жалғасып, онда 12 азаматтың өтініштерін тыңдап, шешім жолын талқылады.
Аудан басшысының қабылдауында болған Абай ауылының тұрғындары Адолат Бухарбаева және Мейірбек Үсенов шаруашылық жер мәселесін көтерді. Аудан әкімі аталған мәселені қарастыра келе тиісті мамандармен жұмысшы топ құрып, жердің басына барып, жолға қажетті жерлерді зерделеп, мәселенің шешімін табуға ықпал ететінін айтты. Алпамыс батыр ауыл округі, Ақжол ауылының тұрғыны Айтжанова Улзада газ, жол мәселелері бойынша сұрағын жолдады. Өз кезегінде аудан әкімі А.Есбаев тұрғын мәселесін қарай келе, жол мәселесін бойынша қазіргі таңда ауыз су құрлысы жұмыстары аяқталған соң жол жөндеу жұмыстары жүретінін, ал, газ мәселесі бойынша тиісті бөлімге тапсырма беретінін түсіндірді. Тұрғын үй жайын көтеріп келген Абай ауылының тұрғындарының мәселесін шешу мақсатында ауыл әкімшілік мамандары үйіне барып, қажетті материалдарды есептеп, демеушілер есебінен көмек берілетінін жеткізді.
Аудан әкімінің қабылдауына жазылған тұрғындардың дені жер, ауыз су, жұмыс және жол мәселелерін көтерді. Қойылған сұрақтарды зерделей келе, тиісті жұмыстарды атқаруға жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.