«АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

291

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп атаған болатын. Осыған орай тамыз айында аудан көлемінде «Абайланыз-балалар!» атты кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Шара мақсаты — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау.

Шара барысында жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері бірлесе аудан орталығында балабақшаларда бүлдіршіндердің жол-көлік оқиғаларына ұшырау деректерінің алдын алу мақсатында ата-аналармен, ұстаздармен және оқушылармен арнайы дәріс сабақтарын өткізді.

Қызықты және көрнекі болу үшін полиция қызметкерлері жол қиылыстарында және олар жоқ жерлерде жолды қалай өту керектігін нақты мысалдармен көрсетті. Сонымен қатар, жүріс бөлігіндегі орын алатын түрлі жағдайда өзіңізді және өзгелерді қалай қорғауға болатыны да әңгіме етілді. Балалармен қарым-қатынас барысында кішкентай жаяу жүргіншілерге түрлі-түсті қызықты суреттері, инфографикалары бар арнайы әзірленген брошюралар таратылды.

Өз кезегінде ата-аналар, мұғалімдер тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шара үшін алғыстарын білдіріп, полиция қызметкерлеріне үлкен сенім артатынын атап көрсетті.