ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

212

Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Құдияровтың төрағалығымен мәжіліс болып өтті. Онда Сауран ауданы бойынша жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған азаматтар ант қабылдады. Атап айтар болсақ, Бабайқорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Алдаш, Шорнақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ғ.Рашев, Шаға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Файзуллаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Қ.Мирзараймов көпшілік алдында ант қабылдады.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Құдияров жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігі туралы түсіндіріп, олардың жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Р.Темірханұлы да мемлекеттік қызметті атқарудағы талап тілектерін айтып, ең бастысы халықтың қызметшісі екенін жеткізіп, сол бағытта жұмыс жүргізуге шақырды.