САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЖҰМСАЛУДА

323

Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен ауыл әкімдеріне бірқатар қолайлы жағдайлар жасалған. Оның ішінде жергілікті Қоғамдастық мүшелері және ауылдағы қоғамдық ұйымдардың жетекшілерімен ақылдаса келіп, салықтан түскен қаржыны қай мақсатқа жұмсау жайы шешіледі. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей әкімшіліктегі жас жігіттердің жігерлі іс әрекеті бұрын осы шаруашылықта басшылық қызмет атқарған ата-әжелерінің ақыл кеңесімен жұмыс жүйелі түрде атқарылып келеді.

Иассы ауылдық округі бойынша 2021 жылдың 12 айында салық түрлері бойынша түсімдер 2615,0 мың теңге болса, орындалуы 2784,0 мың теңге нақты орындалғаны,106.4 пайызды құрады. Оның ішінде жер салығы 452 мың теңге болса, 460 мың теңгеге орындалып 102 пайызды құрады. Мүлік салығы 306 мың теңге, көлік салығы 1857 теңге құрады. Көлік салығы 108,4 пайызға орындалды.

Иассы ауылдық округі бойынша 2022 жылға салық түрлері бойынша түсімдер 4300,0 мың теңге, орындалуы 1541,0 мың теңгені құрап отыр, жылдық жоспардың 36% орындалды. Атап айтқанда, мүлік салығы жоспар 140,0 мың  теңге, нақты – 142,0 мың теңге 101% орындалды. Жер салығы жоспар 140,0 мың  теңге, нақты – 140,0 мың теңге 100 % орындалды. Көлік салығы жоспар 280,0 мың  теңге, нақты – 1372,9 мың теңге  490 % орындалды.

Иассы ауылдық округі бойынша 2021 жылға айыппұлдар  жоспарланбаған,  нақты  түсімдер – 875,1 мың теңгені құрап отыр. 2021 жылғы жағдай бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама» шеңберінде және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспарының бөлінісі және орындалуы жақсара түсті.

Басты бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету»  және екінші бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп  ұйымдастру іс — шаралары бекітілді. Үшінші бағыт «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» болып табылады. Осы есепті мерзімде жастар практикасы  бойынша нақты – 2 адам, қоғамдық жұмысқа нақты — 15 адам, тұрақты жұмыспен 68 адам қамтылды. Иассы  ауылында тіркелген мүгедек бала саны — 3, жалғызілікті бір қария бар. Үйінде әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламасы бойынша 1,0 штаттық бірлікте әлеуметтік қызметкер кестеге сәйкес 3 мүгедек балаға және жалғызбасты қартқа арнаулы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіп, оңалту орталықтарымен байланыс жасап кеңестер беріп отырады. Атаулы әлеуметтік көмек бойынша өткен жылы 106  отбасына 614 адамға 43 млн 138 мың 249 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып,  әлеуметтік  пакеттер  таратылды.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2022 жылдың  6 айында 56  отбасына 318 адамға 9 млн 744 мың 465 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып,  әлеуметтік  пакеттер  таратылды. Ауыл округі бойынша аз қамтылған отбасыларға демеушілер киім кешектер мен  азық – түлікпен 28 отбасына көмектер көрсетілді. Ауыл округі бойынша аз қамтылған отбасыларға демеушілер киім кешектер мен  азық – түлікпен 12 отбасына көмектер көрсетілді.

Тұрғындардың өтініштері бойынша жеке қабылдаулар өткізіліп, өтініштердің орындалуы тұрақты бақылауға алынған. 10 айда жеке азаматтардан — 58 арыз-өтініштер келіп түсті. Оның 55 қанағаттандырылды. Үшеуінен бас тартылды.

Иассы ауылдық округі әкімі аппаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің» және «Нашақорлыққа» қарсы күрестің 2021 жылға арналған іс-шара жоспарлары бекітілген. Ауыл округіндегі мектепте жоғары сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылық неден шығады», «Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу» тақырыптары бойынша сұхбаттар өткізілді.  Мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс — жоспарына сәйкес, мамандар әкімшілік қызметкерлер арасында дөңгелек үстелдер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.