ТҮРКІСТАНДА БАСКЕТБОЛШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

134

Шаhар басшысы Нұрбол Тұрашбеков Павлодар қаласында баскетбол спорт түрінен болып өткен жарыстан кубокпен оралған түркістандық баскетболшыларды құттықтап, оларға құрмет көрсетті.

Павлодар қаласындағы Педагогикалық университтінің базасында өткен республикалық ұлттық лига жарысының баскетбол 3х3 турнирінен Түркістан қаласы, Төле би атындағы №19 жалпы орта мектебінің командасы қатысып, 1 орынға ие болып және турнирдің бас кубогын жеңіп алды.

Қабылдауға келген мектеп директоры Алтынбек Момбеков, жаттықтырушы Бобир Файзуллаев және спортшы қыздар Шапағат Мұқтарқызы, Василя Бобирқызы, Айнұр Мұратқызы, Гүлсара Рахимбайқызын әкім арнайы Алғыс хаттармен марапаттап, сый-сияпаттар табыстады. Қала басшысы жеңімпаздарға сәттілік тілеп, осындай жеңістердің көптеп болуы үшін аянбай жаттығу керек екендігін айтты. Жерлестерімізді мараппаттарымен шын жүректен құттықтаймыз.