ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ДАУЫС БЕРДІ
![](https://ara24.kz/wp-content/uploads/2023/03/40c405a1-13c5-4b16-9f2e-93c5a869da87-905x613.jpg)
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов Түркістан сарайында орналасқан №231 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
– Сайлау – еліміздің даму бағытын айқындайтын саяси науқан. Мен Қазақстан Республиксының азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Әрбір сайлаушының даусы маңызды,
– деді Қуаныш Жұмабекұлы.
Айта кетейік, №231 сайлау учаскесінің 2569 сайлаушысы бар. Олар – Қайтпас, Нұрсәт шағын аудандарының тұрғындары. Сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Ерлан БЕЙБІТБАЙдың айтуынша, қазіргі уақытқа дейін шамамен 20 пайызы келіп, дауыс беріп үлгерген.