ТҰРҒЫННЫҢ ТЕЛЕФОНЫ МЕН АҚШАСЫН ҰРЛАҒАН ЖАС ҚЫЗ АНЫҚТАЛДЫ

159

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда жәбірленуші ер адам, жұмыс орнында тұрған сырт киімінің қалтасынан ұялы телефон мен ақшасын қолды еткенін хабарлады. Жәбірленушіге 260. 000 теңге көлемінде шығын келген. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Ақпарат алысымен оқиға орнына жылдам жеткен тәртіп сақшылар ұрлық болған шеберханаға бет алды. Жақын аймақтарды тінтіп, жіті қарап шықты. Нәтижесінде күдікке ілінген жас қыздың жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, сезікті жас қыз, есігі ашық тұрған шеберханаға кірген. Содан қараусыз тұрған ұялы телефон мен ақшаны алып, оқиға орнынан ізін суытқан. Жас қыздан қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.