ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ ЕСІРТКІГЕ ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ

97

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, Түркістан облысының бас полицейінің тапсырмасымен облыс полицейлерін есірткіге тәуелділікке тексеру басталды. Бұл полицейлер арасында алғаш рет жүргізіліп отыр. Іс-шараға Түркістан облысы ПД кадр саясаты басқармасы мен өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері бақылау жүргізіп жатыр. Осы ретте бүгінде облыстағы Шардара, Жетісай, Мақтаарал, Келес, сондай-ақ батальон қызметкерлерінен 700-ден астам полицей тест сараптамасынан өтті. Жалпы, іс-шараның мақсаты – ағзада есірткінің бар-жоғын анықтау. Тестілеу – есірткіні пайдалану мен есірткі бизнесінің алдын алу жөніндегі бағдарламаға сай атқарылып жатыр. Айта кетсек, жалпы Түркістан облысының полицейлері “Есірткіге жол жоқ!” ұранымен түрлі профилактикалық шараларды ұйымдастырып, есірткіге тосқауыл қоюда. Оның заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды болдырмауды күн тәртібінен түсірген емес. Сондықтан бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта қалған басқа аудандар да өз жалғасын табады.