АҚНИЕТ ШАҒЫН АУДАНЫНДА 5 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

185

Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Ақниет шағын ауданында бүгінде 3 140 халық тұрады. Шағын ауданның аумағында 721 жеке секторлы үй, 3 балабақша, 1 спорт алаңшасы орналасқан. Сондай-ақ, 1 талшықты интернет орнатылған. Аталған аймақ 100% ауыз су, электр желісі және табиғи газбен қамтылған.
Айта кетейік, Ақниет шағын ауданындағы 21 көшенің қазір 16-ы асфальтталған болса, 5 көшеге шағал тас төселген. Аталған шағын аудан көшелерін 2024 жылға дейін толық 100 пайыз жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Мәселен, келесі жылы Ақеділ, Наркескен, Ақкөгершін, Сарқырама көшелері және атауы жоқ 1 көшені асфальтталады деп жоспарланған.
Сондай-ақ, 21 көшенің қазір екеуі ғана жарықтандырылғандықтан, 2024 жылы Сырғалы және Мейірімді, ал 2025 жылы Рауғаш, Асқартау, Сардар, Шағала, Ақбиік көшелері жарықтандырылады деп күтілуде.