БАЛАЛАРҒА МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗДАР!

440

Жыл сайынғы өзекті мәселенің бірі – жазғы шомылу маусымы кезінде су  айдындарында қайғылы жағдайлардың орын алуы. Мұның себебі – суда қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу. Адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың да, аяқасты орын алатын төтенше жағдайларға да ең алдымен адамдардың қатысы барын мойындауымыз керек.

Осы орайда суда абай болу да ең алдымен тұрғындардың өзіне байланысты. Дегенмен төтеншеліктер де қарап отырмай, өз тараптарынан халыққа түсіндіру, алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағытта Шымкенттік ТЖ қызметкерлері де жергілікті атқарушы органдар және құзырлы мекемелермен бірлесіп, белсенді іс-шаралар атқаруда.
Осы орайда шомылу маусымында қауіпті азайту үшін ең алдымен мына қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінеміз:
— тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
— жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
— шомылу кезінде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
— жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
— бөгеттен, қайықтан, көпірден суға секірмеңіздер;
— суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
— түнгі уақытта, масаң күйде суға шомылмаңыздар;
— су айдындарының жағалауында балаларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар, оларды бақылаңыздар.
— суда қауіпті жағдай жасамаңыздар.
Шомылу маусымы кезінде балаларға өте мұқият болыңыздар!

Санаулы күндерден соң мектептерде оқушылар үшін жазғы демалыс басталады. Демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін олар міндетті түрде суға шомылады. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де дұрыс сақтамайды.

Осыған байланысты, суға шомылу кезеңінде  су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстануды ескертеміз.

Маусым-тамыз айларында балаларға бақылау жасау ересектер тарапынан әлсірейді. Ата-анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдары орны толмас оқыс жағдайларға апарады.

Балаңызды су жағасында қарауысыз қалдырмауларыңызды өтінеміз!

Қоршау белгісінен әрі жүзуге!

Тыйым салынған орындарда суға түсуге!

Балаларды қараусыз қалдыруға!

Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға!

Суда ойнауға!

Жалған айқай, қатер белгісін беруге!

Өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге!

Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге!

Тамақ ішкен бойда суға түсуге!

Таныс емес жерге сүңгуге!

Дауылды күні немесе күшті соқпа толқыны бар жерлерде суға түсуге!

Балдырлары бар шалшықты суға түсуге!

ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!

Суға абайлап түс.

Жүзу білмесең, суға белден аса тереңдікке барма.

Жалғыз шомылмауға тырыс.

Егер де ағысы қатты суға түсіп кетсең, ағысқа қарсы жүзуге тырыспа, оған шамаң жетпейді. Мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай болып ағыс бойымен жүзуің керек.

Көмекке шақырудан ешқашан ұялма.

Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек.

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТАҢЫЗ!