ШЫМКЕНТ ПЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ

190

Ресми ақпараттарға сүйенсек, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы өткен жылы 26,1 млрд. АҚШ долларына жеткен. Бұл рекордтық көрсеткіш. Қазақстаннан Ресейге экспорт 25%-ға өсіп 8,8 млрд. долларды құрады. Ресейлік «ДСК 17» ЖШС іске асыратын зауыт құрылысы 2024 жылы аяқталады.

Ал еліміздің мегаполисі Шымкент пен Ресей арасындағы экономикалық байланыс жылдан жылға артуда.  Ресей  инвесторларымен қалада  ірі инвестициялық жобалар іске асып келеді. Мәселен, «Hevel Kazakhstan» ЖШС (Ресей) – инвестициялық құны 6,2 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы 50 МВт Күн электр станциясының құрылысы жобасын жүзеге асырды. Қазіргі таңда ресейлік «Бона Файд Групп» ЖШС  инвестициялық құны 60 млн. теңгені құрайтын, жобалық қуаттылығы жылына 252 мың дана  әйелдер фитнес киімдерін  өндіретін жобаны бастап кетті. Өндіріс орны 2023 жылы іске қосылады деп күтілуде.

Бұдан бөлек,  индустриалды аймақта «Гекса» ЖШҚ (Ресей/Қазақстан)  — инвестициялық құны 3,2 млрд. теңгені құрайтын бірлескен жаңа жобаны қолға алмақ.  Өндіріс орны  қуаттылығы жылына 6 мың тонна тоқыма емес материалдар шығарады.  Іске асыру мерзімі – 2023 жыл.

Инвестициялық құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын, жобалық қуаттылығы жылына 300 мың м3 темір-бетон өнімдері, темір-бетон бұйымдарын өндіру зауытын салу жобасы іске асады деп жоспарланған.  Ресейлік «ДСК 17» ЖШС іске асыратын зауыт құрылысы 2024 жылы аяқталады.

Ресейлік инвесторлар Шымкентте тұрғын үй құрылысына үлесін қоспақ. Айталық, «Шымкентский ДСК» ЖШС  инвестициялық құны 23 млрд. теңгені құрайтын,  жалпы ауданы 120 900 шаршы метрді құрайтын 3320 пәтерлі тұрғын үй құрылысын бастайды. Көпқабатты тұрғын үйдің құрылысының  І кезеңі – 2025 жылы,  ІІ кезеңі  2027 жылы қолға алынады.