«ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ТҮЛКІБАСТЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

196

Түлкібас аудандық мәдениет үйінде «Қазақстан Полициясы күні» мерекесіне орай марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш шараға Түлкібас ауданының әкімі Н.Ізтілеуов, аудандық мәслихатының хатшысы Х.Байысбаев пен аудан сотының төрағасы М.Ырсымбетов, аудан прокуроры Н.Асханбаев, ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті және аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Н.Саухимов пен ардаргерлер кеңесінің төрағасы С.Таңатбаев және ІІО ардагерлері қатысты.

Жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен өткен шарада өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарған, қызметте кәсіби біліктілігінің арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген, міндетін қажырлы әрі адал орындаған ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері “Алғыс хатпен” марапатталды.

Түлкібас ауданының әкімі Н.Ізтілеуов алғыс сөз сөйлеп, жеке құрамды мерекемен құттықтап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде атқарған жұмыстары үшін тәртіп сақшыларына сый-құрмет көрсетті.