«3-ЭНЕРГООРТАЛЫҚТЫҢ» ҚЫС МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАЛАЙ?

144

Шаһардағы «3-Энергоорталық» АҚ-ның станция жабдықтарын жөндеу мақсатында бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы және қысқа дайындық жұмыстары бойынша арнайы баспасөз туры өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дархан Қайыңбердиев, қала мәслихатының депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты. Шымкент қаласының табиғи монополияларды реттеу департаменті қала әкімдігімен бірлесіп, 2022-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны бекіткен-тін.

Орталық өткен жылыту маусымын жоспарға сай өткізген. Іс-шарада «3-Энергоорталық» АҚ бас директоры Қайрош Оңғарбаев атқарылған жұмыстарды баяндап, қазіргі таңда жылу орталығы қысқы маусымға толық дайын екенінін жеткізді. Бүгінде №1 қазандық агрегатының 2, 4-сатысына күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстарды 2023 жылдың 24 қыркүйегіне аяқтау жоспарланып отыр.
2023 жылы жалпы салымдар сомасы 967 858 мың теңгені құрайды. Оның ішінде электр энергиясына 722 216 мың теңге (74,62%) және жылу энергиясына 245 642 мың теңге (25,38%).
– Инвестициялық бағдарламаны іске асыру алдағы жылыту маусымында қаланы сапалы және үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биылға 2 қазандық, 1 турбоагрегатты күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған еді. 2 қазандықта жұмыстар толық аяқталды. Қысқы жылыту маусымына толық дайынбыз. Инвест бағдарлама бойынша бөлінген қаржыға қажетті құрал-жабдықтар алып, жұмысшылардың жалақысын көбейтіп жатырмыз. Бөлінген қаржы мақсатты жұмсалуда, – дейді бас директор.
Күрделі жөндеу жұмыстары мекеме жұмысшыларының өз күшімен және белгіленген мерзімдер аясында жүргізілуде. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру жабдықтың тозуын 2,9%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. 2023 жылы көрсеткіш 59,9 % құрады. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін станцияның тозуы 57 % -ға дейін төмендетіледі.
Шымкент қаласының алдағы жылыту маусымына уақтылы дайындығын және тұрақты өтуін қамтамасыз ету басты назарда тұр. Жылу орталықтағы күрделі жөндеу жұмыстары жыл басынан бері жоспарға сай атқарылуда. Инвест бағдарлама аясындағы күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде №1 қазандық агрегатының тозуы 42,5 %-дан 41,2 %-ға, № 1 турбоагрегаттың тозуы 78,7 %-дан 67,5 %-ға дейін, №3 қазандық агрегатының тозуы 35,3 %-дан 34,1 %-ға дейін төмендейді.
Инвестициялық іс-шараларды іске асыру көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға, отын шығынын азайтуға, негізгі және қосалқы жабдықтардың сенімділігін арттыруға және тұтастай алғанда жылу энергиясын тұтынушыларды жылумен жабдықтау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Айта кетсек, инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру көзі тарифтік сметаға салынған меншікті қаражат болып табылады.

«Тариф жылу маусымында бекітіледі»

Шымкент қаласы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дархан Қайыңбердиев қазіргі таңда жылуорталықтың тарифі қаралып жатқанын мәлімдеді. Тариф жылу маусымында бекітіледі.
«3-Энергоорталық» АҚ жылу энергиясын өндіру қызметі бойынша тарифті өзгертуге уәкілетті органға өтінім ұсынған. Мекемеде жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын жалпы шығындардағы газ шығындарының үлесі 75% -ы құрайды. Биыл 1 шілдеден бастап «ҚазТрансГазАймақ» мекемесі газдың бағасын 9,72 пайызға өсірді. Осыған сәйкес, тарифте газдың жаңа бағасын ескеріп, тарифті өзгертуге уәкілетті органға өтінім ұсынылып отыр.
Өткен жылу маусымында солтүстік өңірде ЖЭО-да болған апатты жағдайларға байланысты табиғи монополия заңнамасына өзгертулер енгізілген еді. Инвестициялық бағдарламаны негізгі құралдардың тозуын азайту есебімен қабылдау («тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы) мен табиғи монополия субъектілерінің персоналын сақтап қалу мақсатында орташа айлық жалақысын өңірдің орташа айлық жалақысы деңгейіне дейін көбейту және осы өзгерістерді тариф құрамында ескеру үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға өтініммен жүгінген.
Биыл жылу энергиясы тарифінің құрамында персоналдың орташа жалақысы 114 260,3 теңгені құрайды. Статистика деректеріне сәйкес, қалада қалыптасқан орташа айлық мөлшері – 230 188 теңге.
Аталған себептер бойынша жылу энергиясы тарифінде инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті қосымша қаржыны және қалада қалыптасқан орташа айлық мөлшерін ескеру ұсынылды. Бүгінгі таңда тарифтің жобасы уәкілетті органмен қарастырылуд

«Шымкент келбеті»