ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

267

Тіл тағдыры – ел тағдыры. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Ата-бабалармыз қаншама нәубет пен соғыстарда, ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама, қуғын-сүргін кездерінде де тілі мен дінін жоғалтпай, халықтың тазалығы мен тектілігін қазіргі күнге жеткізген. Сондықтан тілдің тазалығын сақтау әрбір адам үшін өте маңызды. Тіл мәселесі әнгіме болғанда «ана» деген сөз көкейге келеді. Тіл тағдыры ол – анаға байланысты. Халық арасында мынандай сөз бар. «Әйел бұзылса – халық бұзылады» — деген сөз бекер айтылмаған. Яғни ұлттың, тілдің тарихы мен бүгіні мен ертеңінің, бүтіндей болашағының тәрбиесі үйдегі анаға байланысы. Әрбір қыз ұлттың болашағын тәрбиелейтін – болашақ ана. Тіл тағдыры ел тағдыры екенін ұмытпауымыз керек. Сол қыздарды бесіктен тәрбиелеп, өзінің болашақ тілі мен дәстүрін насихаттап болашақ ұрпаққа жеткізетін ана болатынын санасына сіңіріп өсіруміз керек.
Ұлт болып қалыптасқаннан бері көрген нәубетті айтпағанда кешегі алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев ұлтының болашағы үшін бастарын қатерге тігіп, мол мұра, баға жетпес байлыққа пара-пар әліппе жазып кетті. Оқу-ағартумен айналысып, ұйықтап жатқан халықты ояту үшін барын салды.
Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі үстем болып, ол мемлекетіміздің ең маңызды тірегіне айнала берсін.

СЕРІК ӘЛІМҚҰЛОВ,
Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы

«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ»