ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

136

Қазіргі таңда Шаға ауылдық округі аумағында 2 дәріхана, 3 типтік жылыжай, үй іргелік жерде 11 жылыжай, 1 диірмен, 3 шлакаблок шығаратын цех жұмыс істейді. Шарбан Абдураймова 90 миллион теңгеге құрал жабдықтар сатып алып, сапалы ауыз су шығару цехын іске қосты. Одан басқа 25 сауда нүктелері, 5 халыққа қызмет көрсету орталығы халыққа қызмет көрсетеді. Екі автокөлік жөндеу шеберханасы және үш автожуу бекетінің қызметіне қалалықтар да жүгінеді. Үш қоғамдық тамақтану орны мен наубайхана тұрақты жұмыс істейді.

Шаға ауылдық округі әкімшілігі тарапынан ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылуда. биылғы сегіз айда атаулы әлеуметтік көмекке 202 отбасы өтініш берді. Әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 37067511 теңгеге тағайындалды. Ауылда тұрмыс жағдайы төмен 22 отбасына демеушілер есебінен азық-түлікпен көмек берілді.

Биылғы сегіз ай көлемінде 22 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 20 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. Зейнетке жақындаған егде жастағы 15 адам «Күміс жас» жобасымен қамтылды. Есепті мерзімде 41 жұмыс орны қамтылды.

Ауылдық округте төрт орта, бір бастауыш мектебі орналасқан. Сонымен қатар, екі жекеменшік бастауыш мектебі бар. Барлық мектептерде лингафон залдары және компьютер сыныптары бар. Бес мектеп те Интернетке қосылған. Мұғалімдер саны – 415 болса, оқушылар саны 2884-ке жетіп отыр.

Төрт мектепте спорт залы бар. Мектептерде әртүрлі спорт үйірмелері жұмыс істейді. Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылында жаздық стадион бар. 2017 жылы жеке кәсіпкер Д.Мирзараймов жабық спорт кешенін салып пайдалануға берді. 2021 жылы жеке кәсіпкер Ербол Арызкулов жабық спорт кешенін пайдалануға берді. Спорт кешендерінде күрестен және волейболдан үйірме жұмыстары ұйымдастырылған. Ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Жақында ауыл тұрғыны Молдаш Кемелбек дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды.

Ауылдық округте бір мемлекеттік және үш жекеменшік балабақша жұмыс атқаруда. Балабақшаға балаларды тасымалдауды балабақша құрылтайшылары өздерінің жеке қойылған көліктері арқылы жүргізеді. Ауыл округі аумағында бір дәрігерлік амбулатория, екі ФАП халыққа қызмет көрсетеді. Онда 8 сегіз жоғары білімді дәрігер, 33 орта білімді медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Бір жедел жәрдем көлігі бар.

Шаға ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясында15 орындық күндізгі стационар жұмыс істейді.