ЖАҚЫН КҮНДЕ 2 МЛРД. 400 МЛН. ТЕҢГЕГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

146

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпұхар Жолдасов Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауыл округіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Соның бірі жаңадан салынған «AVICENNA-A» емханасы.

Аталған жобаға 2 млрд. 400 млн теңге инвестиция тартылған. Құрылтайшысы А.Усманкулов. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталған. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпұхар Жолдасов пен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев жаңа нысанда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Мұнда келген науқасқа барлық жағдай жасалған. Ота жасау бөлмелері бар. Онда заман талабына сай лазерлік индескапиялық соңғы үлгідегі аппараттар қойылған. Жансақтау бөліміне бір мезетте 4 адамды қабылдауға болады. Нысан заман талабына сай жабдықталуда. Сонымен қатар физотерапия, оңалту, зертхана бөлмелері бар. Емхана тәулігіне 500 адамды қабылдай алады.

Емханаға қосымша құрал жабдықтарды алуға кәсіпкерлікті қолдау ұлт-тық жобасы аясында жеңілдетілген 7 пайызбен 700 млн. теңге несие алған.