АУДАН ӘКІМІ ОРАНҒАЙДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

141

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Оранғай ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында ауылда бірқатар кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Алдымен Рүстем Ибадуллаев басшылық жасайтын полиэтилен құбыр шығаратын цехты аралады. Кәсіпорын қазіргі таңда алты адамды жұмыспен қамтыған. Өндіріс орны 10-160 диаметр аралығындағы полиэтилен құбырын шығарады. Жылдық қуаттылығы 5522,9 м3 құрайды. Сонымен қатар, аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы Кендебай Баймағанбетов басқаратын «Кендебай» шаруа қожалығындағы жылыжайдың жұмысымен танысты. 2017 жылы басталған шаруа қожалығы жер көлемін ұлғайтып, 1,2 гектарға жеткізген. Бүгінде жылыжайда баклажан, болгар бұрышы, қызанақ самсап тұр. Саудалануға дайын. Жұмысын диқаншылықпен бастаған шаруа қожалығының төрағасы Кендебай Баймағанбетовтың айтуынша жылыжай – берекелі табыс көзі екенін, оған ерінбей қарап, баптаса мол өнім алатынын жеткізді. Қайыры мен еңбегі мол диқаншылықпен ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

 

«Сауран-ақпарат».