ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН

164

Сауран ауданы 2021 жылы 06 қыркүйек айында өз жұмысын бастады. Сауран аудандық емханасына 15 елді-мекен, оның ішінде 30 дәрігерлік емханалар орналасқан.

Жылжымалы медициналық кешен 04.01.2022 жылдан бері Сауран ауданының елді мекендеріне үздіксіз қызметін атқарып келе жатыр. Бұл орайда тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде емдеу, алдын алу ұйымдарының заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы маңызды. Бүгінде медицина сәт сайын дамып жатыр. Ауруды емдеудің түрлі заманауи әдіс-тәсілдері енгізіліп, дәл диагноз қоюға мол мүмкіндік беретін қуатты құрылғылар шығарылуда. Тек тілін тап та, қалағаныңша қолдана бер! Қазіргі кең қолданыстағы МРТ, КТ аппараттары, жылжымалы медициналық кешендер – сол техника жетістігі. Әсіресе, шалғай елді мекендердегі тұрғындардың денсаулығын қорғауда, ауруды ерте анықтауда жылжымалы медициналық кешеннің маңызы зор. Зерттеудің мақсаты – шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын тұрғындарға жылжымалы медициналық кешендерді тарту арқылы медициналық қызмет көрсетуді талдау.

Зерттеу барысында біз 2022-2023 жылдары Сауран ауданының шалғай ауылдық елді мекендерінде тұратын халықты жылжымалы медициналық кешендерді тарту арқылы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша статистикалық мәліметтерге талдау жасадық 04.01.2022 жылдан бастап «Жылжымалы медициналық кешен» жоспарланған 30 шалғай елді- мекендерді аралап 60309 тұрғын, 4455 бала тексерілді.

Кешеннің құрылымында жалпы тәжірибелі дәрігер, педиатр, гинеколог, хирург, офталмолог, отоларинголог, рентгенолог, невропатолог, кардиолог, эндокринолог, ультрадыбыстық зерттеу мамандары жұмысын атқарады. 2023 жылдан бастап 18 елді-мекен аралап оның ішінде 22 дәрігерлік емханаларда 37111 тұрғын, 2547 бала тексеріліп, 7239 тұрғын өкпе қуысын рентгендік сәуле құрылғысына түсірді, 33367 тұрғын бейін мамандардың қабылдауында болды. Нәтижесінде екі мыңнан астам азаматтар түрлі сырқаттар анықталып, ем қабылдауға жолдама алды.

Әр аптаның жұма күндері 15 өңірде кезегімен «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, онда жалпы тәжірибелі дәрігер, педиатр, гинеколог, хирург, офталмолог, отоларинголог, рентгенолог, невропатолог, кардиолог, эндокринолог, ультрадыбыстық зерттеу мамандары диспансерлік есепте тұратын науқастарды, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды және де ерекше балаларды толықтай тексеруден өткізіп, кеңес береді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары үшін ауруларды анықтауға арналған кәсіби тексерулердің тізбесі кеңейтілді. Осылайша, ауыл тұрғындарына профилактикалық тексеруді жүргізу жаңа нысаналы топты анықтау есебінен жүрек-қантамыр жүйесі, қант диабеті, асқазан мен бүйректің созылмалы ауруларын ерте сатысында анықтау мақсатында халықты қамтуды ұлғайту көзделген. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына асқазан-ішек жолы, зәр шығару жүйесі, ересек жастағы топтағы туберкулез және қуықасты безі обырын ерте анықтау қызметтері кеңейтілді, — делінген министрліктің ақпаратында.

Жалпы, биыл өңірде диагностикалық медициналық кешен арқылы 70890 тұрғынға қызмет көрсету жоспарда тұр.

Қорытындылай келе шалғай аудандардағы халықтың сұранысы бойынша әр түрлі медициналық қызметтерді ұсынады. Диагностикалық медициналық кешендерде барлық қажетті мамандар жұмыс істейді: жалпы тәжірибелік дәрігерлер, рентгенолог, гинекологтар, педиатрлар және басқа мамандар. Диагностика мен емдеу заманауи технологиялар қолданылады. Тексеруден өту үшін емдеуші дәрігердің жолдамасы талап етілмейді, пациенттің жазбаша ерікті келісімі жеткілікті. Жалпы науқастардың тексеруден өткеннен кейінгі ауруының ерте анықталуы, ем алуы дәрігерлерге риза болуы алға жылжуға, үлкен жоспарлар құруға деген құлшынысты арттырады. Ауыл тұрғындары ақ халатты абзал жандарға өз жылы лебіздерін білдіріп алғыстарын айтуда.

Нилуфар УСЕНОВА,

Жылжымалы медициналық кешенінің меңгерушісі.