АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ТҮНГІ РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

44

Сауран ауданына қарасты Үшқайық және Шорнақ ауылдық округтерінің аумақтарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

Рейдтік шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков, Сауран аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі, ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А.Кұлмағанбетова, полиция лейтенанты Е.Әмірбек, полиция капитаны А.Сыздықов, полиция лейтенанты Г.Жабаева, аудандық білім бөлімінің маманы М.Әділбеков, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы А.Сарсенбаев қатысып, қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Іс-шараның нәтижесінде мектеп оқушыларының ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 9 ескерту шарасы берілді. Оның ішінде түнгі уақытта ата — ананың қарауынсыз, үй-жайдан тыс жүрген жасөспірімдер мен қоғамдық орындарда тәртіп бұзған жастар анықталып, тиісті шаралар қолданылды. Алдағы уақытта рейдтік жұмыстар өз жалғасын табатын болады.