ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

150

Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Қуандық Құлажанов аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесіп, жаңа Әдеп кодексінің талаптарын кеңінен түсіндіріп өтті. Әдеп уәкілінің айтуынша жаңа редакцияда бекітілген Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің менталитетін жаңаша қалыптастыруға зор үлес қосатынын жеткізді.

Мемлекеттік аппараттың қызметі қоғам сұраныстарын қанағаттандыруға, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, яғни сервистік қызмет көрсетуге бағытталған болатын. Демек, клиентке бағдарланған мемлекеттік аппарат құру жалпы мемлекеттік қызметшілердің көзқарасын түбегейлі өзгертуді талап ететінін мәлім етті.

Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылу қажеттігін айтты. Сонымен бірге, қызметшілердің мемлекеттік саясатты ұстануына, қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарына, жүріс-тұрыс ережелеріне тоқталып өтті.