ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ЕСЕЛЕНЕ ТҮСУДЕ

123

Аудандағы үлкенді кішілі әкімдіктердің қызметін бағалаудың бір ретін ол өңірге инвестиция тартуымен белгіленеді. Қазіргі таңда Сауран ауданы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2023 жылдың 9 айында 22,3 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 168,6% орындалған. Ауданға барлығы 22,3 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,5 млрд. теңгеге өскендігі байқалды. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 3,7 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 3,0 млрд. теңге, меншік қаражат есебінен 15,1 млрд. теңге және басқа да қарыз қаражат есебінен 0,5 млрд. теңгені құрады. Тартылған инвестиция ауданның әлеуметтік-экономикасына зор қарқын беріп, тұрғындардың жұмыспен қамтылуына жаңа мүмкіндіктер ашты.