ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ ЖЕТІ МЫҢҒА ЖАҚЫНДАДЫ
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ ЖЕТІ МЫҢҒА ЖАҚЫНДАДЫ
Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңға ауданымызда шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6973 мыңға жетіп отыр. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар саны 6751. Мәселен, статистикалық көрсеткіштерге тоқталар болсақ, соңғы статистикалық көрсеткіштерге сәйкес шағын және орта кәсіпкерліктің барлық салаларында оң өсім байқалады. Атап айтқанда, жалпы кәсіпкерліктің саны 6973 мыңға артып отыр. 2021 жылы 2070-тен 2023 жылдың 9 айы 4903-ке жетті.
Қазіргі таңда жұмыспен қамтылғандар саны онда жұмыс істейтін адамдардың саны 9212 адамға жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,4 пайызға артқандығы байқалды.
Ауданның экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі сауда-саттық қызметі. Мәселен, есепті мерзімде бөлшек сауда көрсеткіші 972,4 млн. теңгеге, яғни 100,7 пайызға орындалды.
ТАРИХИ ӨҢІР – ТУРИЗМ МЕКЕНІ
Сауран ауданында туризм саласын дамыту оның әлеуетін арттыру әрі туристерге тартымды ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отыр.
Сауран ауданының аумағында Мәдениет және туризм басқармасының теңгерімінде 54 тарихи-мәдени нысандар бар. Бұл нысандардың ішінде туристер қызығушылық танытып, көптеп келетін Имам Мархозы, Меңдуана кесенесі, Ерқоян батыр кесенесі, Құрышхан ата, Шаш ана кесенелері жиі аталады.
Сонымен қатар, ауданда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы теңгеріміндегі Ескі Сауран қалашығы, Үкаша ата кесенесі, Жүсіп ата тарихи-мәдени туристік нысандары орналасқан.
Тарихи нысандарға келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағынан жоба құны 320,0 млн.теңгені құрайтын «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Онда қонақ үй, тамақтану орны, көрме орталығы, гид қызметі, автотұрақ орналасатын болады.
Одан бөлек Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Жүсіп ата кесенесінен жоба құны 97,0 млн.теңгені құрайтын «Сапар орталығы» мен музейдің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді (жоба жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жүргізілді).
Аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени нысандарға 2022 жылы 72 мың турист келген болса, 2023 жылдың 9 айының қорытындысымен 59 мың турист табан тіреген.
Биыл 9 айдың қорытындысымен жалпы құны 849,2 млн.теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылып, 76 жаңа жұмыс орны ашылды. «Ақжол» жол бойындағы қызмет көрсету орталығы 97,0 млн.тг, Жүсіп ата кесенесі аумағындағы Сапар орталығы 97,0 млн.тг, Үшқайық ауылдық округіндегі спорт кешені 151,0 млн.тг, Жүйнек ауылдық округінде тамақтану орны 85,7 млн тг, Ескі Иқан ауылдық округінде тамақтану орны 173,0 млн тг, Жүйнек ауылдық округінде тамақтану орны 96,9 млн тг, Иассы ауылдық округінде «Ozen» демалыс аймағы 101,5 млн.тг).
Сонымен қатар, жыл соңына дейін жоба құны 1 млрд 974,0 млн.теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Аталған жобалар іске қосылған жағдайда 60 жаңа жұмыс орны ашылады.
«Ныш-ер» қонақ үйі мен демалыс аймағы І-кезеңі — 1,0 млрд.тг, «Sayazhai» ЖШС жол бойындағы қызмет көрсету орталығы – 424,0 млн.тг, «Хамдам» жол бойындағы қызмет көрсету орталығы – 400,0 млн.тг, «SAKETAU Resort» отбасылық демалыс орны — 150,0 млн.тг.
Биылғы жылы Сауран өңіріне келуші туристер ағыны мен зиярат етушілер, саяхатшылар санын 80 мың. адамға дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл меже таяу жылдары орындалатын болады.