Ақмарал Ғаниқызы: ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

1104

Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының «Ортақ отанымыз — Қазақстан» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өтті. Басқосуға клуб мүшелері мен блогерлер қатысты. Клуб төрағасы Ерсұлтан Әмірбек осы клубтың атқарып жатқан жұмыстарын атап өтіп, алғашқы баяндаманы жасау үшін сөз кезегін ҚР Журналистер одағының мүшесі Бекжігіт Сердәліге ұсынды. Этникалық мәселелерді жария ету этикасы туралы әңгіме өрбіткен Бекжігіт Кенжебекұлы этнос өкілдеріне қатысты ақпарат таратуда кодекстер мен заңнамаларға сүйене отырып, бірқатар ұсыныстарымен бөлісті.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында ҚХА-ның ХХІХ сессиясын және 1-мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне ақпараттық қолдау көрсету жайы сөз болды. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Шаңырақ» байқауына қатысушылардың қатары артып келе жатқаны көңіл қуантатындығын жеткізді.
Жалпы, бүгінде елімізде демократиялық қоғам орнаған. Осы ретте ұлтаралық келісімді алдыңғы шепке қоймай, алға баса алмаймыз. Сонда ғана бейбіт елде ұлтаралық қақтығыстар орын алмасы анық. Дөңгелек үстелге қатысқан журналистердің ортақ ойы осыған саяды. Басқосу соңында клуб мүшелері тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.