АНАЛАР КЕҢЕСІ: «ТҰҒЫРЛЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясында «Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы» тақырыбында апталық тәрбие сағаты аясында іс-шара өтті. Аталған шара Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Жиынға Түркістан қаласы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының директоры, Аналар кеңесінің белсенді мүшесі Рахила Урумова модераторлық етті.
Келелі басқосуға Түркістан облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Райымжан Қошқаров, «Мөлдір үміт» дүние жүзілік Қазақ қыздары ассоциясының басшысы Үміт Каналбекқызы, ҚХА жанындағы Түркістан қалалық Аналар кеңесінің белсенді мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ-нің құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы Амантай Абылай қатысты.
Іс-шарада сөз алған Түркістан облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстарды, ұлттық дәстүрді негізге ала отырып қоғамда әйел мен ананың рөлімен отбасы инстутының маңыздылығын, сондай-ақ жастар мен болашақ ұрпақты рухани адамгершілікпен патриоттық тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлін арттыру керектігін атап өтті.
Сондай-ақ облыстық Аналар кеңесінің алдағы жоспарларымен бөлісіп, қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі және ұрпақ тәрбиесі туралы өз ойларын ортаға салды.