«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ БЕРЕРІ КӨП

150

Сауран ауданында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Халықтың ауылда еңбек етіп, тұрақтауына, сондай-ақ жұмыссыздар санының азайып, тұрғындар табысының артуына зор серпін берген бұл бағдарлама ауыл шаруашылығы саласының дамуына да өз үлесін қосуда. Біз осы орайда, жобаның тиімді тұстары мен оны жүзеге асырудағы артықшылықтарымен өз жұмыстарын бастаған еңбек адамдарын таныстырмақпыз.

Жеке кәсіпкер Ахматжан Мамитов 2023 жылы Қарашық ауылдық округінен жылыжай салып, өзінің қияр егу кәсібін бастағалы жатыр. Бүгінде 0,045 гектарға жылыжай салып, өнім өндіру бағытында дайындықтарын бастаған. 2023 жылы кәсібін дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 2,5 %-бен 6 млн. теңге жеңілдетілген несие қаражатын алып, жұмысын жандандыруда.

Бүгінде халық жылыжай салу арқылы төрт маусымда да қажетті көкөніс алуға бейімделуде. Алдағы уақытта кәсіпкер, арнайы табысқа қол жеткізуге бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологиялармен қиярды отырғызып, жыл бойы өнім алуды жоспарлауда.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі