“ҰЛТАРАЛЫҚ ҚОЗДЫРҒАН 7 АДАМҒА ҮКІМ ШЫҚТЫ…”
Әлеуметтік желілерде этносаралық араздықты қоздыру белгілері бар ақпараттар кездеседі.
Этнос өкілдеріне, оның ішінде тіліне, намысына тиісіп, арандатушылық әрекеткетке апарып жатады. Бұл материалдардың авторы құқық қорғау органдарының көмегімен анықталып, жауапқа тартылады. Олар райынан қайтып, көпшілік алдында кешірім сұрайды.
Алайда олардың кешірім сұрауы ешқандай да жауапкершіліктен босатпайды. Яғни Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ал, ауыр зардаптарға әкеп соққан болса 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатындығы көрсетілген.
2021 жылдан бастап жалпы ұлтаралық қоздырған 7 тұлғаға қатысты үкім шықты.
Мысалы, Мақтарал ауданының тұрғыны «М» есімді азамат «Ватсап» мессенджері арқылы азаматтардың ұлтына қатысты қорлау әрекетін жүргізгені үшін 2021 жылы 12 желтоқсанда ҚК-нің 174-бабымен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ Түркістан қаласының тұрғыны «О» есімді азамат «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы тікелей эфирде славян этносы өкілдеріне қатысты қорлау сөздерін айтқан. Сөз бостағын теріс пайдаланып, ұлтаралықты қоздырып опық жегендер оңбай жазаланып жатыр. Ар-намысқа тиіп, аңдамай сөйлеушіліктің ақыры соңы заң алдында жауапкершілікке апарады. Тура сөйлеп, тура жүрген абзал. Сын шын болсын!