ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА ШАРДАРАДА СУҚОЙМА ЖАҒАЛАУЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

165

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шардара қаласындағы суқойма жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Оған аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары, еріктілер мен белсенділер, түрлі мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары атсалысты.

Жалпы тазалық жұмысына 100-ге жуық адам қатысты. Бүгінгі тазалық акциясында су жағалауы ғана емес, сонымен қатар арнайы мамандар су түбіндегі қоқыстарды да тазалады. Акция аясында 2 500 түп ағаш отырғызылып, 17 елді мекеннен 175 тонна күл-қоқыс шығарылды. Оған 14 техника мен 900-ден астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, жер қопсыту, ағаш әктеу, көше жиектерін сырлау жұмыстары жүрді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі