САУРАНДЫҚТАР ЭКОАКЦИЯЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 87 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРДЫ

38

Сауран ауданында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Аудан көлемінде жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, ағаш көшеттерін егу жалғасуда.

Сонымен қатар экологиялық акция аясында әктеу сырлау, арық-атыздары тазалау жұмыстары қатар атқарылуда. Оған ауданға қарасты барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, мәдени орталық өкілдері, аудан тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер қатысуда.

Сенбілікте 21 көше бойлары тазаланып, 8 аялдама сырланып, қалпына келтірілді. 457 ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді. 9 шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді. Көпірлердің, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың 2,4 шақырымдық арналары тазаланды. 4 көпқабатты үй маңындағы аумақтары мен аулаларын, жертөлелерін, кіреберістерді (подъезд) жиналды.

Бұдан бөлек 114 үйлердің қасбеттері әктеліп, сырлау жұмыстары жүргізілсе, 740-қа жуық көшеттер отырғызылды. 6 шақырымдық ирригация жүйелері қоқыс қалдықтарынан тазартылып, 300 дана жол белгілері сырланды. Жалпы, сенбілік тазалық жұмыстарына 680 адам қатысып, 8 техника жұмылдырылды. Экологиялық акция алдағы уақытта да қарқын алып, өз жалғасын табады.