БАҺАДҮР ДЕПУТАТ…”
Депутаттық мәңгілік емес, ол қайнаған ортада халықшыл қырыңнан көрінуге берілген мезеттік мүмкіндік. Елдің сөзін сөйлеп, жұртпен біте қайнасып, билікпен бірлесіп елге еңбек ету-деп ұғынған Талғат Балтабаевтың аяқ алысына көз тимесін. Ел мүддесін берік ұстаным еткен Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев аз уақыттта “қырып-жоймасада”, уәдеге берікшілдігі, журналистикадағы адалдығын депутаттықпен астастырып, елге еңбек етсем деп, еміреніп жүргенін “Шымкент келбеті” газеті жазыпты. Онда берген сұхбатындағы ашық та, ащы ой-пікірінен қоғамшыл беталысын байқауға болады. Жалпы, “НұрОтан” праймеризде журналистиканың жүгін арқалаған жас пері Талғат Балтабаевқа дұрыс таңдау жасағаны мойындала бастады. Алла абырой берсін журналист-депутатқа! Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов басқаратын депутаттық корпустың бір “БАҺАДҮР-депутаты” Талғат Балтабаев болып тұр әзірге…
Ерсұлтан Әмірбек,
Журналист