«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: ТӨЛЕБИЛІК ЕРІКТІ ЖАСТАР АУЫЛ АҚСАҚАЛЫНЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ

53

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында облыс көлемінде ауқымды шаралар өтуде. Түркістан көпсалалы техникалық колледжінің ерікті жастары да қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалық жұмыстарына көмектесіп, ақ баталарын алды. Жастар ауланы тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу сынды жұмыстарды атқарды.

Бұл жолы ерікті жастар Көксәйек елді мекенінің тұрғыны балалық шағы Ұлы отан соғысы жылдарына тап келген Тыл еңбеккері Нұрсейіт Жолшыбеков ақсақалдың ауласында көктемгі дала жұмыстарына көмектесті. Еске сала кетсек, еліміз бойынша экоакция аясында 27 сәуірден 4 мамырға дейін — «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы өтеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі