ТӨРЕАРЫҚТА ФЕЛЬДШЕРЛІК — АКУШЕРЛІК БЕКЕТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

91

Бүгін Қараспан ауылдық округіндегі Төреарық ауылында фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді.

Төреарықтықтардың қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, ардагерлер кеңесінің Бостандық Жәкей арнайы қатысып, сөз сөйледі.

Өз кезегінде аудан әкімі тұрғындардың қканышына ортақтасып, жүрекжарды құттықтауын жеткізді.

— Құрметті ауыл тұрғындары!

Сіздер бұл қуанышты күнді көп күттіңіздер. Бүгін міне, барлық жағдайы жасалған, заманауи үлгідегі медициналық нысанның ашылуына куә болып отырсыздар.

Сіздерді шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Нысан Төреарық ауылының тұрғындарына сапалы, тиімді медициналық көмек көрсетеді деп сенемін. Денсаулығына жиі шағымданатын тұрғындар үшін бұл үлкен қуаныш. Енді кез келген мәселе бойынша алысқа бармай-ақ, жергілікті медпункт мамандарына жүгіне аласыздар, — деді аудан әкімі.

Фельдшерлік-акушерлік бекетте фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емшара бөлмесі, қабылдау бөлмесі бар.

Жалпы, ауданда бас-аяғы 51 емдеу мекемесі бар болса, оның 38-і ФАП.

2023 жылы 5 ФАП пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 2-еуі ел игілігіне табысталды.