ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРДІ.
Мобильді топ #Жетісай_ауданында шалғай елді мекеннің 80-нен аса тұрғындарына Заң көмегін көрсетті.
Ауыл тұрғындары жерді рәсімдеу, мерзімі өткен несиенің пайызын төмендету, кәріз жолдарын тазарту, кәсіпкерлікпен айналысу, ауылшаруашылығын субсидиялау, жұмыспен қамту, «Ауыл аманаты» бағдарламасымен несие алудың мерзімін қайта қарау, комплаенс офицерлерге арнайы штат қарастыру, ауылды жерлерге жедел жәрдем бөлу, медицина мамандарының тапшылығына қатысты сұрақтарына жауаптар алды.
Бұдан бөлек, топ құрамындағы Антикор еріктілер кепіл мерзімі аяқталмаған құрылыс нысандарына (ауыл клубы, әкімшілік ғимараттар мен әлеуметтік нысандарға, орталық стадион мен көп қабатты тұрғын үйдің және бітпей аяқсыз қалған Қазыбек би ауылдық округіндегі футбол алаңшасының жай-күйіне қоғамдық бақылау жүргізді.
Зерделеу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша аудан әкімінің басшылығымен лездемелік мәжіліс ұйымдастырылып, хаттамалық тапсырмалар берілді. Орындалауы Департаментпен бақылауына алынды.
Айта кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ аймақтағы шалғай орналасқан елді-мекендер тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетуді және әлеуметтік нысандарға қоғамдық бақылауды жыл көлемінде жүргізетін болады.