ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ

82

Тәуелсіздік жылдары еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда бірқатар жетістіктерге жетті. Бірақ, рухани салада қордаланып қалған мәселелер, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құндылықтар дағдарысы, дүниетанымдық ұстанымдардың дұрыс қалыптаспауы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі формализм мен жасандылық және басқа да кемшіл тұстар үлкен қоғамдық кесірге айналып барады.

Радикальды-деструктивті діни топтар аталған кемшіліктерді өз мақсаттарына пайдаланып, жастар арасында мемлекеттің зайырлы сипатын мойындамайтын, барлық мәселелердің шешімін «дұрыс діннен» іздейтін буынды қалыптастыруға барлық мүмкіндіктерін жұмылдыруда.

Осы мақсатта мемлекеттің іргесін шайқалтып, қоғамның берекесін кетіретін әртүрлі діни-саяси идеологиялар арқылы  жастарға мақсатты түрде ықпал етіп, әлеуметтік желілер арқылы экстремистік және террористік идеяларды белсенді тартатуда.

Діни экстремизмнің бір көрінісі зайырлы мемлекеттің қағидаттары мен негізін, азаматтық бірегейлікті бұзу әрекеттері қоғамдағы шиеленістің өршуіне, радикалды діни ағым өкілдерінің, оның ішінде халықаралық террористік ұйымдардың қатарына қосылу үшін шет елге заңсыз оқуға деген сылтаумен шығуға тырысатындар бой көрсетуде.

Қазіргі заманғы қауіпті діни идеологиямен күрес мемлекеттің ғана емес, тұтас қоғамның мақсаты болуы тиіс, өйткені радикалды діни идеологияның жаппай деструктивті ақпараттық әсерінен қоғамның жекелеген өкілдерінің сана-сезімі өзгеріске ұшырайды.

Азаматтардың мемлекетке деген әлеуметтік сенім деңгейі төмендейді, патриотизм мен толеранттылық пен төзімділік сезімі жойылады, құндылық бағыттары мен этикалық нормалар өзгереді, отбасына іріткі салынады, қоғам жікке бөлінеді. Сондықтан мемлекет пен діндар азаматтардың, діни бірлестіктердің қарым-қатынасы, бірінші кезекте, құқықтық негізде жүзеге асып, реттелуі қажет.

Мемлекеттің дін саласындағы саясатының маңызды бағыттарының бірі – радикалды діни идеологиялардың таралуына жол бермеу және оның алдын алу болып табылыды. Бұл жұмыс еліміздің барлық аймақтарында, әсіресе жастар мен жас жеткіншектер арасында жүйелі жүргізілуі тиіс.

Қазіргі таңда интернет ресурстарды қолданушылардың басым бөлігін жастар құрайды және соңғы уақыттарды деструктивті діни топтар үгіт-насихат жүргізуде ғаламторды кеңінен пайдаланатынын ескеріп, мемлекет деструктивті идеологияның алдын алуда виртуальды кеңістікте де басымдылыққа ие болуы қажет.

Осы тұрғыда Республикалық діни бірлестіктің бірі ҚМДБ-ның ресми интернет сайттарына қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету және жетістіктерін насихаттауға көп көңіл бөлгеніміз дұрыс.

Бұл терең білімді, діни уағыз бен үгіт-насихаттың заманауи әдіс-тәсілдері мен технологияларын меңгерген мамандарды даярлау күн тәртібінде болуы керек.

Радикалды діни идеялардың таралуына төтеп бере алатын, әсіресе, ҚМДБ-ның жүйесінде білікті дін қызметкерлеріне қоғамдық талаптар қойып, имамдар үшін тек діни проблематиканы, діни рәсімдермен ақида (діни сенім) мен фиқһ (діни ережелер мен құқықтар) саласын біліп қана шектелуі  қазіргі қоғамға жеткіліксіз болуда. Арнайы сала мамандарымен тізе қосып, жан-жақты біліктілік және дағдылармен қатар кең әлеуметтік контекстегі даярлық курстар біліктілік өткізіп, ҚР-ның заңдары мен адам құқықтары, дін психологиясы мен социологиясы, діни конфликтология, әлеуметтік-психологиялық кеңес беру негіздері, этнология мен мәдинет сияқты ғылыми пәндер салаларынан хабардар болып, ғылыми тәсілдерді күнделікті қызметінде пайдаланып, қоғамға керегін білумен, мамандардың дестуктивті діни идеологияға қарсы тұра алатын иммунитетті тұлға ретінде қалыптасқаны дұрыс.

Зайырлы мемлекетте дін мемлекеттен ажыратылады және діни ұйымдар (бірлестіктер) саяси функцияларды атқармайды, яғни қоғамның саяси жүйесіне кірмейді.

Қазіргі уақыттағы мемлекеттердің басым көпшілігінде діннің мемлекеттен ажыратылуы орын алған. Бұл үдеріске төмендегідей сипаттар тән:

  • Мемлекет пен оның органдары азаматтардың дінге қатыстылығын бақылауға алмайды және азаматтарды дінге қатыстылығына қатысты тіркемейді;
  • мемлекет  (заң бұзушылық орын алмаған жағдайда) діни ұйымдардың ішкі істеріне араласпайды, атап айтқанда діни ілімдердің мазмұнына, діни рәсімдер мен ғибадаттардың атқарылуына, діни бірлестіктер мен ұйымдарды ұйымдастырылуы мен басқарылу тәртібіне қатысты шешімдер қабылдамайды, діни ұйымдар өздеріне тиесілі қаражатты пайдалануда еркіндікке ие (бірақ кейбір елдерде діни бірлестіктердің өз мүшелері алдында қаржылық есеп беруі құрылтай құжаттарында қарастырылған);
  • мемлекет діни бірлестіктер мен ұйымдарға материалдық қолдау, соның ішінде қаржылық демеушілік жасамайды;
  • діни бірлестіктер мен ұйымдар ешқандай мемлекетттік қызметтерді атқармайды;
  • діни бірлестіктер мен ұйымдар мемлекеттік істерге араласпайды, тек азаматтардың діни қажеттіліктерін өтеуді қамтамасыз етеді, мемлекет өз кезегінде діни бірлестіктердің заңды қызмет етуіне құқықтық жағдай жасайды.

Көріп отырғанымыздай, діннің мемлекеттен ажыратылуы атеистік идеологияны қолдау немесе таратуды білдірмейді. Бұл принцип азаматтардың ар-ождан және діни наным-сенім бостандығы құқын жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту төмендегідейміндеттерді жүзеге асыруды көздейді:

  1. Мемлекет дамуының зайырлылық қағидаттарын нығайту, азаматтардың ар-ождан құқығын қамтамасыз ету.
  2. Дін саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру.
  3. Мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайтуға және діни экстремизмге қарсы іс-қимылға бағытталған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары жұмысының бірыңғай жүйесін жетілдіру.
  4. Азаматтардың ар-ождан бостандығы мен олардың діни наным-сенімін құрметтеу құқықтарына заңнамалық кепілдік беруді қамтамасыз ету.
  5. Діни бірлестіктердің толыққанды жұмыс істеуі үшін жағдайды қамтамасыз ету және ұлт қауіпсіздігін, зайырлы мемлекеттің конституциялық негізін бұзатын және халықтың белгілі бір топтарын радикалдандыруға әсер ететін деструктивті діни ағымдардың қызметіне жол бермеу.
  6. Халық арасында қоғамда тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау, деструктивті діни идеологияға қарсы азаматтардың иммунитетін қалыптастыру бойынша мемлекет іске асырып жатқан шараларды түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.

Қорыта келе Қазақстан Республикасының әрбір азаматы діни наным-сеніміне, ұлты мен нәсіліне, әлеуметтік жағдайы мен жынысына қарамастан тең құқылы және мемлекет аумағында оның барлық азаматтық  құқықтарына кепілдік берілген.

Азаматтар өз елінің патриоты болуы және мемлекеттің мүддесін сақтауы тиіс, өйткені ол елдің негізгі заңы – Конституцияға сәйкес азаматтарға өмір сүруге, еңбек етуге, денсаулықты, қауіпсіздікті сақтауға, білім алуға қажетті жағдай жасайды.

Түркістан облысының дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

Сайрам  ауданындағы дінтанушы маманы                               Ж.Битанов