ШАХМАТТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

58

Бүгін “Медицина қызметкерлері күні” мерекесіне және аудандық орталық аурухананың құрылғанына 60 жыл толуына орай облыстағы медицина мекемелері қызметкерлері арасында шахматтан обылыстық турнир ұйымдастырылды.

Спорттық шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябеков, аудандық орталық аурухана басшысы Болатбек Сағымбеков арнайы қатысып, құтықтау сөз сөйледі.

Сайыстың қортындысы бойынша ер кісілер арасындағы жеңіпаздар:

1 орын — Ордабасы АОА:

2 орын — Облыстық клиникалық аурухана;

3 орын — Сайрам АОА.

қыз-келіншектер арасындағы жеңіпаздар: 1 орын — Қазығұрт АОА;

2 орын — Ленгір қалалық емхана;

3 орын — Түркістан ОПЦ.

Жалпы турнирге ерлер арасында — 15 ауданнан, қыз-келіншектер арасында — 12 ауданнан медицина мекеме қызметкерлері қатысты.