Басты көшелердегі аялдамалар жуылды

474

Шымкентте Қаратау ауданына қарасты басты көшелерде аялдамаларға механикалық жуу және қолмен тазарту жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты басты көшелерде аялдамаларға механикалық жуу және қолмен тазарту жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, Н.Назарбаев даңғылы, С.Бәйтереков, Арғынбеков, Патеев, Т.Назарбеков, Алматы көшелеріндегі аялдамаларға тазалық жұмыстарымен бірге ілінген заңсыз жарнамалар алып тасталынды. Сондай-ақ, автобус бекеттерінің айналасы сыпырылып, қоқыс жәшіктері жуылды.

Аталған жұмыстарға ауданның тазалығына жауапты «Жасыл жер» ЖШС-ы тарапынан 8 техника, 38 жұмысшы тартылды.