Тұрғындар өтініші — басты назарда
Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов аудан тұрғындарын кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кезекті жеке қабылдау барысында аудан басшысы азаматтардың әлеуметтік мәселелерін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету, әлеуметтік көмек көрсету және аулаларға балалар ойын алаңшаларын орнату, жер телімі секілді өзекті мәселелерін тыңдады. Оңтайлы шешілу жолдарын қарастыру мақсатында тиісті сала мамандарына тапсырма жүктеді.
Еске сала кетейік, аудан әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы күнделікті (жұмыс күндері) сағат 9:00-10:00 аралығында өткізіледі. Жеке қабылдауға алдын ала жазылу үшін 77-45-64 байланыс нөміріне хабарласып тіркеле аласыз.