САУРАН АУДАНЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

39

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сауран ауданында ауқымды тазалық жұмыстары жалғасуда. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың ұйымдастыруымен тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша нақты шаралар қолға алынды.

Аудан орталығында арық-атыздар, жол жиектері, желілік саябақтар және балалар ойын алаңшалары мұқият тазартылды. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін 4 бірлік арнайы техника мен 70-ке жуық жұмысшы тартылды. Барлық жұмысшылар ұйымдасқан түрде басты аумақтарды тазалап, қалдықтар мен қоқыстарды жинады.

Тазалық шараларының басты мақсаты – ауданның экологиялық ахуалын жақсарту, тұрғындарға таза әрі жайлы орта жасау. Бұл жұмыстар аудан орталығымен ғана шектелмей, алдағы уақытта ауылдық округтерде де жалғасын табады.