СЕССИЯДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезекті ХXІV сессиясында бірқатар мәселе қаралып, маңызды шешімдер қабылданды. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мәселелері мен әлеуметтік көмек көрсету жайы талқыланды.
Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде бүгінде қалада қылмыстың азайғаны байқалуда. Мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылдау ұсынылды.
Қазір қаламызда су тасқынына қарсы іс-шаралар кезең-кезеңімен іске асырылуды. Бұл бағыттағы жұмыстар қала басшылығының, төтеншеліктердің күнделікті қадағалауында.
Шымкентте әлеуметтік көмек көрсетудің, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына өзгерістер енгізілуде. Шешім жобасы бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды.
Сессияны қорытындылаған қала әкімі маңызды шешімдерді жүзеге асыруға қолдау көрсеткен депутаттық корпусқа алғысын айтып, алдағы уақытта да мегаполисті дамытуда бірлесе жұмыс жүргізуге сенім білдірді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі