НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

20
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысын пысықтады. Жауапты сала басшылары мен өңірде жаңа өндіріс орындарын ашатын кәсіпкерлермен жоба барысын жан-жақты талқылады. Инвестициялық штабтың кезекті отырысында өңір басшысына бұл бағыттағы жұмыс барысы баяндалды. Облыс әкімі инвесторларға оңтайлы әрі ыңғайлы орта қалыптастыру үшін бизнеске қойылатын артық талаптарды жоюдың маңыздылығын атап өтті. Құрылысы жүріп жатқан зауыт, фабрикалардың маңыздылығы мен тиімділігін ескертіп, осы мақсатта жауапты тұлғаларға инфрақұрылым тартуға қатысты нақты тапсырмалар берді.
✔️Инвестициялық штаб – бизнес мәселелерін жедел шешуге арналған ашық алаң. Бүгін Арыс қаласы мен Сайрам ауданындағы «Nurym Group» ЖШС-не еншілес компаниялар тобының 500 гектарға жаңбырлатып суару әдісімен жем-шөп дақылдарын өсіру, австралиялық әдіспен мал базары кешенінің құрылысы, ет және жануарлар қалдықтарын терең өңдейтін ет комбинатын салу инвестициялық жобаларының жүзеге асырылуы пысықталды. Сондай-ақ Ордабасы, Түлкібас және Қазығұрт ауданындарындағы «Саутс Ойл» ЖШС-не еншілес компаниялар тобының мұнай өңдеу зауыты, Састөбе инновациялық кешені, Өгем өзенінде ГЭС каскады бар су құбыры инвестициялық жобаларының құрылыстары жүргізілуде.
✔️Түркістан қаласында «PSI Machinery» ЖШС тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауыт салу жобасы іске асырылуда. Штаб отырысында сонымен қатар Жетісай ауданындағы «TST JetysaiGroup» ЖШС жіп иіру фабрикасының құрылыс жұмыстарының және Мақтаарал ауданында «Global Textile» ЖШС тоқыма кластерін құру бойынша жобаның ағымдағы жағдайы мен алдағы жоспары талқыланды. Сонымен қатар Шардара ауданында «AGRIQA Азия» ЖШС «Шардара» экспорттық өнеркәсіптік кластерін құру бойынша жобаның жүзеге асу барысы пысықталды.
📌– Инвесторлардың түрлі кедергілерге тап болуына жол берілмеу керек. Ол үшін әр әкім, басқарма басшылары тікелей жауапты. Әрбір инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы қатаң бақылауда. Бұл бағыттағы жұмыстарды ширату қажет. Аса маңызды шикізатты өндіру және өңдеу саласына басымдық беріледі, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Сондай-ақ облыс әкімі жаңа жобалардың маңыздылығына назар аударып, аудан басшылары мен жауапты сала басшыларына инвесторларға қолдау көрсетуді тапсырды. Аудан, қала әкімдерінің жұмысы инвестиция тартумен, халықты жұмыс орнымен қамтумен бағаланатынын еске салды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі