Күзгі энзоотияға қарсы ісшараларға дайындық жұмыстары басталды

806

Шымкент қаласында күзгі энзоотиялиялық іс-шараларға дайындық жұмыстары басталды. Дизенфекциялау жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандары жүргізетін болады.

Бұл жұмыстарға 18 дезинсектор маман жұмылдырылған. Олар арнайы техникамен, қорғаушы киім және арнайы құралдармен қамтамасыз етілген.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары А. Джанбатыров дайындық жұмыстарын пысықтап, сала мамандарымен дезинфекциялық жұмыстардың тәртібін талқылады. Пандемия кезінде жұмысты бастар алдында тұрғындарға кеңінен түсіндіріп, тыңғылықты талқылау қажеттігін айтты.

Күзгі кенеге қарсы жұмыстар барысында 100 мың мал басы бүркіліп, 102 мың уақ малға тоғыту жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, залалсыздандыру жұмыстары тек ауыл шаруашылығы жануарлары бар және оларды ұстауға арналған қора-жайлары бар үйлерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі.

Құрметті қала тұрғындары мен шаруа қожалық иелері!

Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу барысында өзіңізбен қатар айналаңыздың қауіпсіздігі және жұмыстардың сапалы болуы үшін жауаптылықпен қарауларыңызды және қора-жайларыңызды қи-қоқыстан тазартуларыңызды сұраймыз.

Қосымша ақпараттар бойынша хабарласа аласыз: 8(7252)24-75-37, 8(7252)45-05-05.