«АУЫЛЫМ АРЫС ЖАҒАСЫНДА» БАЙҚАУЫ ЖАЛҒАСУДА

32

Бүгін аудан орталығы Темірландағы «Шәмші» аллеясында «Ауылым арыс жағасында» атты аумақаралық өнер байқауының екінші кезеңі өтті. Бүгінгі өнер сайысында Шұбар және Шұбарсу ауыл округтерінің көркемөнарпаздары бақ сынасты.

Фестиваль бағдарлама бойынша «Этно ауыл» демалыс аймағында ауылдар ұсынған көрмемен басталып, «Шәмші» аллеясындағы ауқымды концерттік шарамен қорытындыланды.

Аудан әкімі Азат Оралбаев және аудан азаматтары арнайы барып, Этно ауылдағы көрмені көріп, ой-пікірлерін білдіріп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Шәмші» аллеясындағы консертте аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы бірқатар өнер және еңбек адамдарын марапаттады.

Шара қорытындысында қазылар алқасының шешімімен Шұбарсу ауыл округінің өнер ұжымы жеңіске жетті.