МЕДИЦИНА САЛАСЫ ӨРКЕНДЕДІ

509
«Ордабасы оттары» газетінің бас­пасөз клубында ауданның Құрметті аза­маты, медицина саласының ардагері Айт­баев Тілеулес Төреқұлұлы қонақта бол­ды. Сұхбатты Балым Әлішер жү­р­гізді. Әңгіме Тәуелсіздік алғалы 30 жыл бол­са, осы жылдары ме­дицина саласы қалай дамығандығы, қан­дай қиын кезеңдерді бастан өткіз­ген­дігі жайында болды.
Балым Әлішер:
— Тілеулес мыр­за, қай өңірде дү­ниеге кел­діңіз? Қай­да білім алды­ңыз? Осы жөнін­де айтып бер­сеңіз?
Айтбаев Тілеулес:
— 1941 жылдың 20 қа­за­нын­да қазіргі Сайрам ауданы, Жа­ңа­­талап елді ме­кенінде туыл­дым. Орта білімді 1960 жылы Шым­­кент қаласын­дағы Жам­был атын­дағы мектепте алдым, 1961-1967 жыл­дары Алматы­да­ғы медициналық инс­титутта оқып, емдеу факуль­тетін тә­мам­­да­дым. Тамыз айынан бас­тап бұ­рынғы Бөген, қазіргі Ор­да­басы ауданындағы орталық аурухана­ның бас хирургы бо­лып қызмет атқ­ардым. Облыс­тық денсаулық сақтау бөлімінде инспектор, аудан­дық орталық ауруханада бас хирург, ау­дан­аралық (Бөген, Арысь, Алғабас, Отырар, Созақ) ВТЭК-тің (Вра­чебно трудовая Экспертная комис­­сия) бастығы болып ең­бек еттім. Аудандық ор­та­лық ау­ру­хана бас дәрігерінің бірінші орынбасары, анализ және мем­лекет­тік статистика бю­ро­сының бастығы, аудандық ден­саулық сақтау бөлімінің бас­шы­сы қыз­мет­терін атқар­дым. 2005 жыл­дан зейнеткер­лікке шықтым.
Қызмет барысында аудан­дық пар­тия комитетінің, атқару коми­тетінің және облыстық, аудандық денсаулық сақтау бөлімдерінің, кәсіподақ коми­тетінің марапаттау қағаздарын алдым. Сонымен қа­тар аудан әкімдерінің марапат­тау­ларына да ие болдым. 2011 жылғы сәуірде Қазақстан Респуб­ли­касы Пре­зидентінің Алғыс хатымен ма­рапатталсам, Қа­зақстан Респуб­ли­касы денсау­лық сақтау ми­нистр­­лігінің «Ден­саулық сақтау саласының үзд­ігі» төсбелгісіне ие болдым. Со­нымен қатар, ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл, Ұлы Отан соғысының 75 жыл, ау­дан­ның 55 жыл­дығына бай­ла­нысты төс­бел­гімен әспеттелдім. 2017 жы­лы ау­данның «Құрметті аза­маты» атағы берілді. Отба­сым­­да 2 ұл, 8 немерем бар.
Балым Әлішер:
— Енді ата-анаңыз жайында, жас ке­зіңізде басы­ңыз­дан өт­кен қиын­шылық, қы­зық­шы­­лықтар­ды сөз етсек.
Айтбаев Тілеулес:
— Менің ата-анам дүниеден ерте өтті. Әкем екінші дүние жүзілік соғысқа кетіп, орал­мады. Анам 14 жасымда, 1955 жылы қайтыс болды. Алдымда ағам, менен кейін қарындасым, бар еді. Ол мал шаруа­шылы­ғы­мен айналысатын, шопан бо­лып істеді. Сол кісінің арқа­сын­да ешкімнен кем болмай өстік. Бізді ағам жеңгем екеуі өсірді. Ағам мен оқуға кетерде: «Мен оқы­ма­дым, енді сен оқы» -деп шығарып салды. Сол сөзі маған күш, жігер берді. Өмірге соғыстың кезімен тұспа-тұс келдік қой. Соғыс 22 шілдеде бас­талса, мен 20 қазанда 4 ай­дан кейін туылып­пын. Со­ғыстан кейінгі, соғыс­тың кезін­де­гі күндер өте ауыр болды. Оны тарихтан бі­лесіз­дер. Жоқ­шы­лық, аштық бол­ғаны жасы­рын емес. Былайша айт­қанда ха­лықтың қарны кейін­нен, 1955-1956 жылдар­дан былай қа­рай тойына бастады десек бо­ла­ды.
Балым Әлішер:
— Жалпы осы тәу­ел­­­сіздік деген ұғым­­ды қалай түсі­несіз?
Айтбаев Тілеулес:
— Енді тәуелсіздік алғаны­мызға қуа­ныш­тымыз ғой. Біздің ата-бабаларымыз елі­міз тәуел­сіз болса екен деді. Білектің кү­шімен, найзаның ұшымен алып қалған жерімізді бұрынғы патша өкіметінің кезінде орыстарды осы жаққа, біздің елге қоныс­тануға жіберді. Сол кезден бастап біздің тыныштық бұзыла бастады деп есептеймін. Содан кейін Совет үкіметі құрылды. «Алаш орда» партиясы пайда болды. Алаш­ор­да­шылар Қазақ­с­таны­мызды тәуел­сіз ел ретін­де бөліп алсақ деп мақсат қойды. Лениннің баста­ма­сы­мен комму­нистік партия құ­рыл­ды да, «Алаш­­орда» үкіметі жойыл­ды. Тәуел­сіз дегенді қазақ хал­қы­ның өз алдына мемлекет болуы деп түсінемін. Сол мақ­сатымыз 1991 жылы орын­дал­ды. Бірінші Президентіміз Н.Наза­р­баевтың ар­қасында мінекей еге­менді ел болға­ны­мызға биыл 30 жыл толып ке­леді. 30 жылдық тәуел­сіз­дігіміз құтты болсын деп айтамын.
Балым Әлішер:
— Рақмет. Осы тәуел­­­сіздік деген тұ­ғыр­лы ұғымды жас­тар­дың санасына жетуі үшін қан­­дай насихат сөз айтар еді­ңіз?
Айтбаев Тілеулес:
-Бұл сұрағыңыз өте орын­ды. Қазіргі жастар біздер секілді қиыншылық көрген жоқ. Көр­ме­сін деп тілеймін. Бірақ, жаста, ай­налайындар, тәуе­л­сіз­дікті сақтау жолында еңбек етіңіз­дер. Тәуел­сіздікті сақтап қалу үшін әуелі тарихты біліңіздер. Үлкен­дердің айтқан өсиеттерін орын­даңыз­дар. Өздерің, ұрпақ­тарың жақсы өмір сүруі үшін Тәуел­сіздікті әр уақытта қадір­лең­дер. Әрқашан Туымыз биік­те жел­бірей берсін.
Балым Әлішер:
— Тәуелс­із­дігі­міз­ге биыл 30 жыл то­лып отыр. Осы жыл­дары ден­саулық саласы қа­лай дамы­ды?
Айтбаев Тілеулес:
— Біздің кезімізде көптеген қиыншылық болды. Мысалы, жаңа аппаратуралар жоқ. Кадр­лар, ғимараттар жетіспейді. Өздеріңіз білесіздер, ескі орта­лық ауруханада қыш ғимараты тұр. Ол 1888 жылы салынып, 1903 жылы біткен. Біздің мына Темірланда аудан болмай тұрып, аумақтық аурухана сол ғимарат­та көп жыл жұмыс істеді. Одан кейін қасына басқа да қосымша ғимараттар салын­ды. Бірақ соның өзінде де дәрігер жетіс­пейді. Дәрігер жоқ­қа тән. Кейіннен мамандар келе баста­ды. Соған байла­нысты нау­қастарымызды уақытылы ем­деп, уақытылы қарап, про­филактика жасап, жатқызып ем­деуге қол жеткіздік. Акушер-ги­некологтар, педиаторлар же­тіс­пейтін. Хи­рург мен болдым және кейіннен бірнеше жас жігіттер келді. Сөйтіп кадрлар жайлап келе бастады. Соның арқасында әйтеуір ел азамат­тарының, халықтың көңілі­нен шықтық деп ойлаймын. Ал, енді ол кездегі жағдай мен қазіргі жағдайды салыстыруға кел­мей­ді деп айта аламын. Мен сіздерге түсінікті болу үшін бір мәселе айтайын. Хирург кезім­де қазіргідей үлкен нархоз ап­параты жоқ. Маска қойып, мас­каға эфир құйып, нар­хоз бер­ген жағдайымыз болған. Ондай аппараттардың қазір бар­лық түрі бар. Ауруды емдеуден ешқандай кемістік жоқ. Меди­ци­налық аппаратуралар жетіс­пейтін. Мысалы, бір реттік шп­рицтер дейміз, бір пайдалана­мыз да, одан кейін қайта пай­далан­баймыз. Бұрынғы кезде бір шприцті бірнеше ауруға салат­ын­быз. Бір реттік шприц деген жоқ. Оның өзін 45 минут қай­натасың, бір ауруға салған­нан кейін, екінші ауруға салу үшін жаңағы шприцті қай­тадан тағы 45 минут қайнатамыз. Ал, қазір керек нәрсенің барлығы бар. Сондай жағдайда еңбек еттік. Жаман жұмыс істеген жоқ­пыз. Аудан тұрғындарының кө­ңілінен шықтық деп ойлай­мын.
Балым Әлішер:
— Тілеулес мыр­за, бізге бе­рілген уа­қыт­та өз мәресіне жет­кен секілді. Сүбелі сө­зі­ңіз­ге, ғиб­ратты әңгімеңізге көп-көп рақмет.